Версия для слабовидящих Язык: Қазақша Русский 

Главная ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ТІЛ РЕФОРМАСЫНЫҢ БІР САТЫСЫ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ТІЛ РЕФОРМАСЫНЫҢ БІР САТЫСЫ

PDF Печать
23.11.2017 11:51

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық еңбегінде бүгінгі ғана емес, келер ұрпақ үшін  де аса маңызға ие, ұлы көшке бастар тағы бір игі бастаманы қолға алуды ұсынылып отыр. Ол – латын әліпбиіне көшу жөніндегі бастамасы. Елбасы бұл туралы көптен бері айтып келеді. Дегенмен, дәл осы жолы қоғамның алдына латын әліпбиіне көшуді маңызды міндет ретінде қойып, оған көшу үшін өте маңызды іс-шаралар мен ұлт үшін маңызды қадамдарға батыл қадам жасауды тапсырды.

Осы ретте, күні кеше Елбасының алдына латын әліпбиінің жаңа үлгісі ұсынылып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығымен Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графи­касына көшіру туралы Жарлыққа қол қойылды.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 8 қарашасында Астана қаласы ТЖ департаментінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, орынбасарларының қатысуымен латын қарпіне көшу мәселесі бойынша тарих ғылымының докторы Марат Оралбайұлы Әбсеметовпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Марат Оралбайұлы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі негізгі мақсат-міндеттерді жеткізді. Марат Орабайұлы өз сөзінде: «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Латын әліпбиі жаңа технологиялар тілі, шетелдік форматқа, интернет жүйесіне кіру жағдайында маңызы зор деп білемін,» - деп, атап өтті. Сондай-ақ, тарих ғылымының докторы қазақ әліпбиінің қалыптасу тарихына тоқталды.

1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді. Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында - кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.

Сондай-ақ, Департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ –де өзекті мәселе -латын қарпіне көшу бойынша кездесу ұйымдастырылды. Жиналыс қорытындысы бойынша барлық қатысу­шылар латын қарпіне көшудің маңыздылығын түсініп, қолдайтындарын айтты.

Астана қ. ТЖД Мемлекеттіл тіл және ақпарат тобы



 
Система Orphus