Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайында өткен ашық есік күні

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайында өткен ашық есік күні

PDF Баспаға жіберу
13.02.2018 12:06

Мұражайға саяхат автокөлік боксынан басталды. Қонақтарды 13 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері қонақжайлылықпен қарсы алды. Бүгін құтқарушылар әлемінің бір күнін №4 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушылары тамашалады. Оқушылардың арасынан Дидар Хайролла – мұражайда оған аса ұнағаны техника екенін айтып, бұл жерде автокөлікте отырып, өрт сөндірушілердің арнайы атрибуттарын қолдарына ұстап, арнайы киімді киіп, өзін нағыз құтқарушы сезінгенін бөлісті. Сонымен қатар, оқушыларға құтқарушы мамандығын Қазақстандағы өрт сөндірушілерді дайындайтын бір ғана оқу орны – Көкшетау техникалық институтында тәмамдауға болатыны айтылды.

Оқушыларға құтқарушылардың адал ісі жайында қысқаметражды фильм көрсетіліп, жаднамалар мен буклеттер таратылды. Олардың жасында болашақ мамандығын таңдау өте маңызды. Мүмкін, бұл ашық есік күні оларға өз таңдауын жасауға септігін тигізеді.

Мұражай ғимаратында қонақтарды мұражай меңгерушісі Куралай Камелова қарсы алды. Мұражай оның үйі секілді, себебі Куралай Туяковна мұражай құрылған сәтінен бастап қызмет атқарып келеді. Куралай Туяковна оқушыларға Астана қаласының өртке қарсы қызметінің тарихы жайында, ерлікпен көзге түскен қызметкерлер жайында аса сүйіспеншілікпен айтып берді. Мұражайда адамдардың өмірлерін құтқаруда өз өмірін ажалға қиған, ерлікпен қаза тапқан қызметкерлерге арналған – «Еске алу залы» бар. Қаза тапқандарға арналған еске алу мемориалының алдында – үнемі гүлдер тұрады. Стендтың екі жағында - қызметкерлердің жеке заттары: суреттері, арнайы киімдері, каскалары, құжаттары мен медальдары орналасқан.

Куралай Туяковнаның айтуы бойынша, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайының басты мақсаты – жас өспірімдерде ел үшін және оның батырлары үшін ар – намыс және патриоттық сана – сезімін тәрбиелеу болып табылады!

Астана қ ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 13 ӨСБ



 
Система Orphus