Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты ТЖ алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша брифинг

ТЖ алдын алу және өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша брифинг

PDF Баспаға жіберу
09.02.2018 11:33

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті ағымдағы жылдың 9 ақпанында қыс кезеңіндегі ТЖ алдын алу және жылыту маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша брифинг өткізді. Брифингке республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Статистика көрсеткендей, ағымдағы жылдың бір айында ТЖ және өрттердің санының кең түрі тіркелген.  Статистикалық мәліметтер бойынша бүгінгі күні 97 өрт оқиғасы тіркелген,  (2017 ж. - 94), оның ішінде автокөліктегі -33, зардап шеккендер – 1 (2017 ж. - 6), қайтыс болған -1 (2017 ж. - 0) адам.

2018 жылғы қаңтар айында Астана қалысының аумағында жедел деректер бойынша 64 табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелген  (2017 ж. - 76).

Оның ішінде ТЖ кезінде 9 оқиға (2017 ж. - 14). Бұл ретте, 20 адам зардап шекті (2017 ж. - 23), оның ішінде 2 адам қаза тапты (2017 ж. - 0).

Техногендік сипаттағы оқиғалар – 63 (2017 ж. - 76), ТЖ кезінде -8 (2017 ж. - 14), зардап шеккендер – 20 адам (2017 ж. - 23),  қайтыс болған -2 (2017 ж. - 0) адам, оның ішінде:

-                     өндірістік және тұрмыстық өрттер мен жарылыстар, техногендік сипаттағы қайғылы оқиға – 63 (2017 ж. – 76);

Табиғи сипаттағы төтенше оқиғалар – 1 (2017 ж. – 0),  ТЖ кезінде - 1 (2017ж – 0, зардап шеккен – 0 (2017 ж. – 0, ) қаза тапқандар 0 (2017 ж. – 0, ));

-         метеорологиялық қауіпті құбылыстар - 1(2017 ж. – 0).

Брифингте өрттер өз үйлерінің, автокөліктерінің басқа да мүліктерінің өрт қауіпсіздігін қажетті түрде ұстай алмайтын адамдарда жиі кездесетінін атап өтті. Қыстың күгі төтенше жағдайларды болдырмау үшін бірінші кезекте ауа – райының өзгерістерін, метеорологиялық мәліметтерді, арнайы хабарламаларды үнемі бақылау қажет. Департамент қызметкерлері өрттің алдын алуының негізгі әдістері халық арасында бұқаралық ақпарат құралдарын тартып насихаттау мен түсіндіру жұмысы болып табылады.

Сондай-ақ, сөз барысында қызметтердің көктемгі тасқын суды өткізуге және Астана қаласы аумағындағы тасқын кезінде су басу қауіпі бар учаскелердің дайындығы, сондай ақ азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің  күштер мен құралдардың дайындығын келтіру қауіп-қатерлерге және көктем кезеңінде төтенше жағдайлар туындауына ден қою туралы талқыланды.

Брифинг аяқталарда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерін қызықтырған өзекті сұрақтарды қойды. Қойылған сұрақтарға толық және тарқатып жауаптар берілді.

Брифинг спикерлері болып: Астана қ. ТЖД бақылау және өрт қауіпсіздігі саласындағы  профилактикалық жұмыс Басқармасының бастығы Абдрахманаов Орал Муттахиденұлы және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Еркін Отарғалымұлы сөз сөйледі

Астана қ. ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы


 
Система Orphus