Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық ТЖД мемлекеттік қолдауды түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді

Астаналық ТЖД мемлекеттік қолдауды түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді

PDF Баспаға жіберу
08.02.2018 18:00

2018 жылғы 8 ақпанда 2012-2019 жылдарға арналған Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі индикаторларын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік қолдауды түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізеді. Аталған іс- шара республика Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында жарияланған тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізіледі.

Аталған іс-шараға Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мейрамбек Советұлы  Кайсанов, өндірістік кәсіпорындардың басшылары, бизнесмендер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Астана қаласы ІІД қатысты.

Өткізілген дөңгелек үстел барысында Қазақстанда бизнес жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша қолданылып жатқан іс-шаралар туралы – әкімшілік кедергілерді, бақылау-қадағалау қызметтерін азайту, азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, сонымен қатар құқықбұзушылықтар туралы дабылға жедел түрде әрекет ету, қылмыстардың «ізін суытпай» ашу және тергеу жүргізу, атап айтқанда кәсіпкерлік субъектілері мен бизнеске қол сұққандар бойынша мәселелері қарастырылады. Кездесу барысында ҚР Президенті нің жолдауын талқылады.

Қатысушылар дөңгелек үстел соңында осындай кездесулер қажет деген ойға келді.


Астана қ. ТЖД


 
Система Orphus