Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қаладағы ТЖ ахуалы туралы ақпарат!

Қаладағы ТЖ ахуалы туралы ақпарат!

PDF Баспаға жіберу
12.01.2018 14:24

Өткен тәулік ішінде «112» телефон нөміріне  ақпараттық сипаттағы және көмек көрсету жөніндегі 4212 қоңырау шалынды.

Қыс мезгіліндегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге Департамент жеке құрамының 221 адамы және жоғары өтімділігі бар 43 бірлік техникасы, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметінің 1888 жұмысшысы және 1345 бірлік техникасы жұмылдырылды.

ТЖД күшімен қаланың периметрі бойынша айналма жолда өтімділігі жоғары көлік құралдарымен (KУНГ) патрульдеу жүргізілді. Оның барысында 149 адам эвакуацияланды, оның ішінде 17 бала және 66 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында қаланың коммуналдық қызметтерінің күшімен қар тазалау және құмды тұз қоспасын себу бойынша жұмыстар жүргізілді. Барлығы  34 227 текше.м. қар шығарылды және 565 текше.м. құм себілді.

ТЖД дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды, штаб бастығы - Астана қаласы ТЖ департаменті ТЖД бастығының орынбасары М.Т. Аманбаев.

Қаланың 8 объектісінде жылыту пункттері қарастырылған.

Осылайша, 2010 жылдың 12 қаңтарындағы ауа райы болжамы:

Астана: бұлтты, кей кездері қар, боран. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысумен 9-14, түнде және таңертең жел екпіні15-20 м / с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 13-15 градус.

Қазіргі уақытта Көкшетау, Қарағанды ​​және Қостанай қалаларында жол ашық.


Астана қаласы ТЖД


 
Система Orphus