Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астана қ. ТЖД ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті

Астана қ. ТЖД ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті

PDF Баспаға жіберу
12.01.2018 09:51

Ағымдағы жылғы 11 қаңтарда Астана қ. Төтенше жағдайлар департаментінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және талқылау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Е.У.Бектұрғанов және Ж.А.Жарасовпен жеке құрамның кездесуі өтті.

Кездесу барысында депутаттар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауының басты аспектілерін жеткізді.

Сонымен қатар, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі мәселелері, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары айтқандай – «Жемқорлықпен күресу басты шарасы-бұл алдын-алу шараларын қабылдау, сондықтан осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет».

Қызметкерлер өздерін қызықтарған сұрақтарын қойды.


Астана қ. ТЖД кадр жұмысы бөлімі


 
Система Orphus