Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қаланың төтенше жағдайлары туралы жедел ақпарат!

Қаланың төтенше жағдайлары туралы жедел ақпарат!

PDF Баспаға жіберу
11.01.2018 18:00

Ауа райы қолайсыздығының салдарын жоюға Департамент жеке құрамының 221 адамы және жоғары өтімділігі бар 43 бірлік техника, сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметінің 1888 жұмысшысы және 1345 бірлік техникасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаланың периметрі бойынша айналма жолда өтіміділігі жоғары көлік құралдарымен (KУНГ) патрульдеу жүргізілуде. «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ тас жолдан 96 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. «ОӨАЖҚЖ» ММ күштерімен 40  адам эвакуацияланды. «АМО» ММ күштерімен 10 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды. «112» телефон нөміріне  жабылған тас жолдар мен көмек көрсету қажеттілігі бойынша 3673 қоңырау мен 1250 хабарлама түсті.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына және мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Жағдай бақылауда  тұр.


Астана қ.ТЖД


 
Система Orphus