Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖ департаментінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өтті

Елордалық ТЖ департаментінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша брифинг өтті

PDF Баспаға жіберу
08.01.2018 04:39

Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында елордалық ТЖ департаментінде 2017 жылдың қорытындысы және ТЖ мен адам қаза болу жағдайларын төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарын шақыра отырып,  брифинг өтті.

Спикер ретінде Астана қаласы ТЖ департаментінің бастығының орынбасары М.С. Қайсанов, Астана қаласы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Урал Мұттахиденұлы Абдрахманов, Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бастығы Еркін Отарғалымұлы және Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Эльдор Әлімғазыұлы Раимбеков сөз сөйледі.

Өткен кезеңде елорда аумағында 75 төтенше жағдай орын алды, өткен жылдың сәйкес кезеңінде - 77 болса, бұл төтенше жағдайдың 2,6%-ға төмендегенін көрсетеді. Төтенше жағдайларда 27 адам (2016 ж. - 35) қаза тапты, шығын 64 млн 387 мың теңгені (2016 ж. -17 млн. 050 мың теңге) құрады.

2017 жылғы 12 айда бөлімшелермен 5720 (2016 ж. - 4993) шұғыл шығулар іске асырылды, 466адам (2016 ж. -384) құтқарылды, 1370 адам (2016 ж. -1384) эвакуацияланды.

Жыл ішінде елордада 699 ​​өрт (2016 ж. - 811) болды, өртте 11 адам (2016 ж. - 19) қаза тапты, олардың 3-і (2016 ж. - 6) балалар. Сондай-ақ көлік құралдарында 161 (2016 ж. -164) өрт болды. Тұрғын үй секторында тек 377 (2016 ж. - 411) өрт  орын алды, 8,2% -ға төмендеді.

Астана қаласы ТЖД қызметінде өрт қауіпсіздігін үгіттеу және насихаттау басты бағыт болып табылады. Инспекторлық құраммен 57953 жеке тұрғын үйлер араланды, 2016 жылмен салыстырғанда 18% артқан (2016 жылы – 49 081). Әлеуметтік қатер топтарына жататын тұлғалардың тұратын жерлеріне 219 рейд өткізілді, 2016 жылмен салыстырғанда 7,9% артқан (2016 ж. – 203).

Өрт қауіпсіздігінің профилактикасы және адам қаза болу жағдайларын төмендету бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Астана қ. ТЖД



 
Система Orphus