Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қазақстандағы ауқымды іс-шара - ЭКСПО-2017 көрмесі тәмамдалды

Қазақстандағы ауқымды іс-шара - ЭКСПО-2017 көрмесі тәмамдалды

PDF Баспаға жіберу
13.09.2017 09:12

Бүгін, Астана қаласы ТЖ департаментінің ғимаратында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорытындысын шығару бойынша марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында Астана қаласы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.О. Дұзақбаев  Көрме дайындығы мен оны өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ат салысқан қызметкерлерге алғыс хат табыстады.

«ЭКСПО көрмесі» - ірі халықаралық көрме, мұнда ең соңғы ғылыми-техникалық жетістіктер, даму перспективалары көрсетіледі, сондай-ақ әлем елдерінің тарихы, дәстүрлері мен салттары көрініс табады. ЭКСПО-2017  халықаралық көрмесі елімізде тұңғыш рет ағымдағы жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтті. Бұл оқиғаны біз аса зор ынтамен күттік.

Әрине, бұндай орасан зор іс-шараны өткізудегі басты міндет көрме аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Осы ретте, көрме павильондарының аумағында 93 күн бойы ТЖД инженерлік-инспекторлық құрамы мен ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жауынгерлік есебі тәулік бойы үш ауысымға кезекшілікке түсіп келді. Азаматтық қорғау қызметкерлерінің жұмысы күшейтілген режимде өтті. Көрме павильондарының әр секторына объектідегі қауіпсіздікке жауапты қызметкерлер бекітілді. Профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, өрт қауіпсіздігіне бақылау қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, ТЖД қызметкерлері ресми делегациялардың орналасқан жері мен іс-шаралардың өту орындарына да жұмылдырылды.

ЭКСПО өтуі Қазақстан тұрғындарының ең үлкен жетістіктерінің бірегейі. Барлық қазақстандықтарды ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!

Астана қаласы ТЖД



 
Система Orphus