Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Сарыарқа» ауданы ТЖБ әкімдікпен бірлесе аралау жұмыстарын жүргізді

«Сарыарқа» ауданы ТЖБ әкімдікпен бірлесе аралау жұмыстарын жүргізді

PDF Баспаға жіберу
12.09.2017 12:19

Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы аумағында 1 038 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан, оның ішінде 132 тұрғын үй биік қабатты тұрғын үйлер қатарына жатқызылады.

Сонымен, ТЖ басқармасы «Сарыарқа» ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, өрт автоматикасы жүйелерін жұмыс қалпына келтіру бойынша үгіт-насихаттық жұмыстар белсенді түрде жүргізуде. Сондай-ақ, оны тұрақты түрде жұмыс күйінде ұстап отыру үшін, тиісті дайындықтан өткен білікті мамандармен немесе мамандандырылған ұйымдармен келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру қажет. Бұдан басқа, аталған қызмет түрін төлеуді ОТО арқылы қосу керек.


Осыған байланысты, әр тұрғын үйде кондоминиум бар, өрт автоматикасы тұрғындардың ортақ мүлігі болып табылады.

Өрт автоматикасы –өрт сөндіру, өрт сигнализациясы, түтіннен қорғау жүйелерінің автоматтандырылған қондырғылары, ішкі өртке қарсы су құбырларының тарту станциялары.

Бүгінгі күні, Басқармамен көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен 70-тен аса жиналыс өткізіліп, оған 5000-ге жуық адам қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Үгіт-насихаттық жұмыстар түрлі төтенше жағдайлардың, оның ішінде өрттің алдын алу үшін жүргізіледі.

Анықтама үшін: биік қабатты тұрғын үйлерге биіктігі 28 метр және одан жоғары көп пәтерлі тұрғын үйлер жатқызылады.

Астана қ. ТЖД Сарыарқа ауданы ТЖБ




 
Система Orphus