Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлері Астана қаласыны4 Әділет департаментімен жүргізілген дөңгелек үстелге қатысты

Елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлері Астана қаласыны4 Әділет департаментімен жүргізілген дөңгелек үстелге қатысты

PDF Баспаға жіберу
11.09.2017 09:39

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде Астана қ. Әділет департаментінің ғимаратында «Террористік қауіп-қатерлер туындаған кезде қызметкерлердің іс-әрекеттері, сондай-ақ жасалған лаңкестік актінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді салдарын жою бойынша бұдан арғы іс-әрекеттері» және «Қазақстан Республикасында діннің проблемалық аспектілері» мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға  Елордалық Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Ішкі істер департаменті, Дін істері басқармасының қызметкерлері және Нұр-Астана мешітінің наиб-имамы қатысты.

Дөңгелек үстелді жүргізу кезінде Астана қ. ТЖД төтенше жағдайларды жою бөлімінің қызметкерлерімен лаңкестік актінің нәтижесінде өрт шыққан кезде және ғимарат конструкцияларының қирауы (құлау) салдарын жою бойынша қызметкерлерінің негізгі іс-әрекет ережелері, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде объектіге келушілер мен және персоналдарды эвакуациялау ережесі түсіндірілді.

Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты қызметкерлердің білім деңгейі мен біліктілігін көтеру болып табылады, оның ішіндегі басты міндеттердің бірі төтенше жағдайлар кезінде  дұрыс әрекет ете  білуге дағдыландыру.

Астана қ. ТЖД ТЖЖБ



 
Система Orphus