Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Астаналық гарнизонда «2017 жылғы Үздік жүргізуші» атағына байқау-конкурс өткізілді

Астаналық гарнизонда «2017 жылғы Үздік жүргізуші» атағына байқау-конкурс өткізілді

PDF Баспаға жіберу
11.09.2017 04:14

Ағымдағы жылдың 07 қыркүйегінде өрт сөндіру автокөліктері жүргізушілерінің кәсіби дағдылығын жоғарлату мақсатында автокөлікті жылдамдықпен оңтайландыру  бойынша, сонымен қатар сорғышпен суды беру және тартумен қоса Астана қаласы Өрт сөндіру қызметі бөлімшелері арасында «2017 жылғы жылдамдықпен оңтайландыру бойынша үздік жүргізуші» атағына жарыс өткізілді.

Аталған конкурс Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесімен ұйымдастырылды, төрағалық құрамның мүшелері техникалық қызмет бойынша тәжірибелі қызметкерлер санынан байқау-конкурсты өткізу туралы бұйрыққа сәйкес іріктеліп алынды.

Осы конкурста астаналық гарнизонның барлық өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері қатысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – команда ішінде, қарауылдардағы үздік жүргізушіні анықтау мақсатында өткізілді. Екінші кезең – өрт сөндіру көлігін жүргізудің тәжірибелік жұмысынан тұрды. Жүргізушілер Софиев тас жолы бойындағы «Кросс» автодромында жылдамдыққа мәнерлеп жүру бойынша өзара сынға түсті. Өрт сөндіру көліктерінің жүргізушілері келесідей кедергілері бар жолдан өтулері шарт еді: ізден, шеберден өту, кендірден өту, эстафета, алға және артқа қарай «жыланша» жолымен жүру, бокске кіру, тұраққа тұру, ашық су көзінен  суды тарту және жұмыс бағыты бойынша жеңнен суды беру кезінен мәреге жету.

Сайыс ЗИЛ автокөліктері шассиіндегі өрт сөндіру автоцистерналарында өткізілді.

Сонымен қатар жүргізушілердің жұмыс жасау кезінде кездесетін жағдайларды максималды жақындату мақсатында (қалалық тар жағдайларында) «Тұраққа кіру» кезеңін өту үшін бағаналар жетілдірілгенін атап өту керек, онда «г» түрлі 5 метрлік бағанаға шағын қашықтыққа жарық түспен боялған жүк ілінді, ол жүргізушілер үшін тұспал болды.

Сонымен бірге сайыс нәтижелерін тез және техникалық қызмет бойынша тәлімдемеде көрсетілген пенальтизация ережесіне сәйкес айыппұл секундтарын есептеу үшін бағдарлама құрастырылды.

Сайыста гарнизонның 12 өрт сөндіру бөлімшелерінің жүргізушілері қатысты.

Осы сайысты өткізу, жүргізушілердің кәсіби дағдылығын бағалау өлшемі болып қызмет етті, сонымен бірге жүргізушілерде зерделілікті, жылдам кертарпалықты, қиын жағдайларда тез дұрыс шешім қабылдау икемділікті дамытты.

Байқау-конкурсты өткізу нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: жеке біріншілікте бірінші орынды алған және «2017 жылғы үздік жүргізуші» атағына ие болған жарыс уақытында 2-ші келген, бірақ бірде бір айыппұл балдарын жинамаған (2015 жылы 3 орын) 2-МӨСБ жүргізушісі азаматтық қорғау старшинасы Қайсар Абилхаирұлы Усербаев; екінші орынды алған, жарыс уақытында 3-ші келген, бірақ 50 айыппұл балдарын жинаған (2015 жылы 2 орын) 10-ӨСБ жүргізушісі азаматтық қорғау аға сержанты Нұрсұлтан Талғатұлы Ошақбаев; үшінші орынды алған, жарыс уақытында 1-ші келген, бірақ 210 айыппұл балдарын жинаған 4-МӨСБ жүргізушісі азаматтық қорғау прапорщигі Болатбек Ерғалиұлы Қабланов. Барлық жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

 

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесінің бастығы

азаматтық қорғау капитаны Е. Есергенев



 
Система Orphus