Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Құтқарушы – батыр кәсіп» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы

«Құтқарушы – батыр кәсіп» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы

PDF Баспаға жіберу
08.09.2017 09:19

2017 жылғы 6 қыркүйекте «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Т.М. Жұмабаевтың және бөлімшелер бастықтарының, ардагерлердің, қызметтік борышын атқару кезінде батырлық пен ерлік танытқан азаматтық қорғау қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының спортшыларының және жас қызметкерлердің қатысуымен «ӨС және АҚЖҚ» ММ мәжіліс залында  «Құтқарушы – батыр кәсіп» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Астана қаласы ТЖД«ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Т.М. Жұмабаев алғы сөз сөйлеп, азаматтық қорғау бөлімшелерінің жеке құрамын әскери-патриоттық тәрбиелеу маңыздылығын арттыру бойынша, себебі осы жағдай ғана қызметтік және әскери тәртіпті тәрбиелеуге, өз елін сүюге, қоғамдық сенімнің артуына, әскери, тарихи және мәдени мұраны сақтауға және арттыруға ұмтылуға қомақты үлес қосатынын айта отырып, қысқаша баяндама оқыды.

Одан кейін сөз алған азаматтық қорғау ардагерлері К.Т. Камелова және А.К.Бекишев қызметтік борышын орындау кезінде қайтыс болған Астана қаласының  өртке қарсы қызметкерлері туралы айтты, бейнероликтер көрсетілді.


Қызметтік борышын орындау кезінде ерлік пен батырлық көрсеткен Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Рустем Казизұлы Мусин мен «Ерлігі үшін» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградасы марапатталған Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №8 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Асхат Төлегенұлы Салкеев қатысқан өрттері жайлы қысқаша айтып беріп, іс-шараны жалғастырды.

Сонымен қатар, Халықаралық санатының судьясы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кәсіби даярлық мектебінің бастығы азаматтық қорғау майоры Мақсұт Еркебұланұлы Есполов гарнизонның спорттық жетістіктері туралы және ҚР ұлттық құрама өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқа талдау сөз сөйлеп, халықаралық аренадағы көрсеткіштерін бейнеролик арқылы көрсетіп, қысқаша баяндама оқыды.

ҚР ұлттық құрама мүшесі, халықаралық сынып спортының мастері, Әлем чемпионы, Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік меншіктегі аса маңызды объектілерді қорғау жасағының № 9 өрт сөндіру бөлімі «Қараөткел» өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Мирас Сағитұлыы Дүйсеков Санкт-Петербург қаласында өткен Әлем чемпионатында болған жауынгерлік қанат жаю, жүгіру бейнесін көрсетіп, жүгіру жарысы туралы айтып берді.

Сөз сөйлеудің соңында Астана қаласы ТЖД құрама командасының жаттықтырушысы, халықаралық сыныптағы спорт шебері, өрт сөндіру-құтқару спортының Әлем чемпионы Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ авариялық-құтқару жұмыстары қызметі және өрт сөндіру ұйымдастыру бөлімі кәсіби дайындық бөлімшесінің инструкторы азаматтық қорғау капитаны Жасұлан Намазбайұлы Қайсарбеков Астана құрама командасының 2016 жылғы Қарағанды қаласында және 2017 жылғы Ақтау қаласында өткен ҚР жазғы чемпионаты, сонымен қатар Шымкент қаласында өткен Федерациялық І Кубок жетістіктерін айтып, спорттағы жетістіктер туралы айтты.

Бұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, жауапкершілік пен өз Отаны мен кәсібіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу мақсатында жүргізіледі.

Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus