Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрт сөндіру қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша кеңес өтті

Өрт сөндіру қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша кеңес өтті

PDF Баспаға жіберу
07.09.2017 00:00

2017 жылғы 5 қыркүйекте Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мәжіліс залында кадр жұмысы бөлімімен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру» тақырыбы бойынша Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Т.М. Жұмабаевтың, «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелеріның басшылары мен орынбасарларының қатысуымен семинар  ұйымдастырылды. Семинарға МҚ және СЖҚАД Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қамалидин Жақпаров шақырылды. Барлығы 35 қызметкер қамтылды.

Кеңес барысында кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы азаматтық қорғау майоры Дана Даулетбайқызы Тұяқова сөз сөйледі, ол қатысущыларды ағымдағы жылғы ҚР Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша талдауды оқыды. Кездесуді МҚ және СЖҚАД Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қамалидин Жақпаров «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру» тақырыбында баяндамасымен жалғастырды.

Қ. Жақпаров және Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ бөлімшелерінің басшылары және орынбасарларымен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу қажеттігіне тоқталып, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара барысында сұрақтар талқыланып, қатысушылар өз сұрақтарына толық жауап алды.


Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ


 
Система Orphus