Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Өрттің салдарын жойғанша, алдын алған жөн!

Өрттің салдарын жойғанша, алдын алған жөн!

PDF Баспаға жіберу
07.09.2017 00:00

Өрт қауіпті кезең басталғалы бері қалада өрттер саны жиілеп кетті. Өкінішке қарай, тұрғындардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарауы жағымсыз салдарларға әкеліп соқтырады.

Осыған байланысты, «Алматы» ауданы ТЖБ инженерлік-инспекторлық құрамымен «Өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында әңгімелесу жүргізіліп келеді.

Атап өту керек, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау сізге төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге көмегін тигізе алады. Сол себептен елордалық құтқарушылар күн сайын қала тұрғындары мен қонақтарына жадынамалар мен парақшалар таратып, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар мен аула аралау жұмыстарын іске асыруда.

Сонымен жыл басынан бері, Басқарма қызметкерлерімен 397 тұрғын үй араланып, 426 адам қамтылды

Тұрғын үй секторындағы өрттер қауіпті болып келеді, өйткені үйлер бір-біріне өте жақын орналасқан. Қатты жел кезінде өрт аула алдындағы құрылыстарға ғана емес, іргелес тұрған үйлерге де ұласуы мүмкін.

Естеріңізде болсын, өрттің салдарын жойғанша, алдын алған жөн.

Осы бағыттағы жұмыстар одан әрі өз жалғасын табады.


 

Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ



 
Система Orphus