Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Елордалық ТЖ департаментінде чемпиондарды марапаттау рәсімі өтті

Елордалық ТЖ департаментінде чемпиондарды марапаттау рәсімі өтті

PDF Баспаға жіберу
05.09.2017 07:27

Астана қаласы ТЖ департаментінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша XXVI жазғы ҚР чемпионатаның және өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әйелдер арасындағы IV жазғы ҚР чемпионатаның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Астана қаласы ТЖД бастығы Б.О. Дұзақбаев пен «ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы Р.М. Ильчубаев қатысушыларымызды құттықтап, өз алғыстарын білдірді.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 21-27 тамызы аралығында Ақтау қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XXVI жазғы ҚР чемпионаты және өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әйелдер арасындағы IV жазғы ҚР чемпионатаны өтті. Жарысқа 14 облыс, Астана және Алматы қалалары ТЖД, сондай-ақ Көкшетау техникалық институты мен Тараз мамандандырылған колледжінің өкілдері қатысты.

Біздің спортшылар елордалық гарнизонды лайықты деңгейде таныстырды. Сонымен, әйелдер арасында оқу мұнарасының екінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жеке есепте екінші орынды Нұргүл Сүлейменова алды; кедергілері бар жүз метрлік жолақты еңсеруде екінші орынды Елена Гептина иеленді; әйелдер арасындағы қос сайыста Елена Гептина жеңіп шықты, ал ерлер арасындағы қос сайыста Николай Буторин екінші орынды иеленді.

Департаменттің спортшылары командалық спорт түрлерінде жоғары нәтижелер көрсетті, олар ерлермен қатар әйелдер құрамасы Республикамыздағы ең үздік әрі ұйымдасқан команда екендерін мойындатты.

Біздің әйелдер құрамасы жауынгерлік қанат жаю кезінде күміс медальдарды жеңіп алып, 4х100 метрлік өрт эстафетасында Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды. Ерлер 4х100 метрлік өрт эстафетасында үшінші орынды иеленіп, ал  жауынгерлік қанат жаю кезінде бірінші орынды жеңіп алды, мұнда ең басты жүлде «Шевроле Нива» автокөлігі болды.

Жарыстың төрт күнінің қорытындысы бойынша Астана қаласы ТЖД ердер мен әйелдер құрамасы 18 қатысушы командалар арасында жалпы командалық есепте бірінші орын алып, Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.

Әйелдер командасының құрамасында: Елена Гептина; Лаура Кулахмедова; Нұргүл Сүлейменова; Айнур Алимова; Адема Сабитова; Еркежан Төлеген; Айнур Сагипулова болды. Ерлер командасының құрамасында: Жасұлан Қайсарбеков; Орал Жылқайдаров; Мирас Дүйсеков; Темірлан Олжабаев; Нұралы Мағау; Николай Буторин; Дунай Омаров; Арнар Дубаев; Ернат Оразбаев; Сержан Тлеужанов; Мейрамжан Чакенов; Марат Саликов; Тимур Серікханов.

Спортшыларды дипломдармен марапаттап, жеңіспен құттықтай отырып, спорттық өмірге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді!

Спортшыларымызды құттықтаймыз! Оларға табыс пен шексіз жеңіске жетуді тілейміз!

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ



 
Система Orphus