Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Департамент Департамент туралы ТЖД тарихы

Тарих

Тарих

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің тарихы. Қазақстанның Тәуелсіздік алғалы барлық қоғамдық қатынас негіздерін Азаматтық қорғаныс жүйесінде және табиғи, техногенді төтенше жағдайлардан аймақты және халықты қорғауда міндетті түрде түбегейлі қайта-құру көзделді. ҚР Президентінің 12.10.95ж №2541 Жарлығы  негізінде Ақмола облысының Азаматтық қорғаныс штабы, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар басқармасы болып өзгерді.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 15 қыркүйектегі «ҚР астанасы туралы» Жарлығына сәйкес, ҚР Жоғарғы кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі №106 «ҚР астанасын көшіру туралы» заң күші бар қаулысына сай 1997 жылы 10 желтоқсанда ҚР астанасы Ақмола қаласы етіп жариялансын деген  қаулы болды. ҚР Президентінің Жарлығымен 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласы Астана қаласы болып аты өзгертілді. Астанада қалалық  атқарушы органдар құрыла бастады, оның ішіне қалалық төтенше жағдайлар басқармасы да енді, оның құрамына алдында өздігінен құрылым болған өндірістік және таулы жерлерде қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша қадағалау инспекциясы енді. Қалада аудандардың құрылуына байланысты ТЖ басқармасында да  ТЖ бойынша аудандық бөлімдер құрылды, олар сұрақтардың жедел шешім қабылдау үшін аудандық әкімдіктерде орналасты. Басқарманың ең алғаш басшысы болып,  алдында ТЖ бойынша облыстық басқармасын басқарған - Мицуто Георгий Павлович тағайындалды. Астана қаласына астана мәртебесі берілгеніне байланысты ТЖ бойынша аймақтық органдарға үлкен міндеттер қойылды.  Бұл алғашында жоғарғы органдар өкіметінің ғимараттары мен бірегей құрылыстарда қауіпсіздіктерді қамтамасыз ету, тіршілікті қамтамасыз ету жарылғыш және өрт қауіпті объектілерде, жаңа астананың тұрғын жер үйлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету болды. 1998 жылы  1 қыркүйекте  Астана қаласы Әкімінің №3-1-524р «Астана қаласында Азаматтық қорғанысты аймақтық құрылымдар құру туралы»  өкімі қабылданды, осыған сәйкес 185 құрылым құрылды, оның жалпы саны 3966 адамды құрады.
1998 жылы ақпан айында Ақмола қаласының өртке қарсы қызметі  Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Бас басқармасы  болып өзгертілді, оның бастығы болып ішкі қызмет полковнигі Ж.Ж.Ескендиров тағайындалды. Қалалық өртке қарсы қызметі басқармасының құрылған кезінде оның құрамында 2 әскерлендірген өрт сөндіру бөлімі болды, олар өсіп келе жатқан қаланы өрт сөндіру техникасымен және адамдардың аздығымен қажеттілігін қамтамасыз ете алмай жатты. ТЖ бойынша агенттіктің бастамасымен ҚР Үкіметі қалаға жаңа замандық өрт сөндіру техникасын   алуға  90 млн. теңге қаражат бөлді.   Ары- қарай қаланың өртке қарсы қызметінің дамуы мен жетілуі үшін Астана қаласы СЭЗ әкімшілік кеңесінің шешімі бойынша «Астана қаласы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің материалды-техникалық базасының нығайту және өрт қауіпсіздікті күшейту туралы  қалалық бағдарламасы» әзірленді және бекітілді. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін Сарыарқа ауданы бойынша жаңа құрылған өрт сөндіру бөліміне өрт сөндіру депосы ғимаратының құрылысы жүзеге асырылды, гарнизонның газ-түтіннен қорғау қызметі сығылған ауада демалу аппаратына ауысты, МӨҚҚ бар радиобайланыс ауыстырылып, жаңа жүйеге көшті, гарнизонның біріңғай компьютерлік желісі құрылды, МӨҚҚ жеке құрамы жылу шағылатын костюмдермен қамтамасыз етілді, мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне АКП- 70 автокөтергіш алынды, үйінділер астында қалып қойғандарды іздеп табу құралдары, апаттан-құтқару құрал-жабдық пен саймандарды алында, МӨҚҚ жеке құрамы ұлғайтылды.
Күрделі көлемде табиғи және техногендік түрде ТЖ болған кезде жүргізілетін жұмыстар үшін қала Әкімі өкімінің шешімі бойынша  ТЖ және Азаматтық қорғаныс бойынша 14 қызмет құрылды.  Шаруашылық объектілерінде адамдар саны 3000 астам  болса, АҚ және ТЖ объектік құрылымдар құрылды, олардың жалпы саны 16 мың адамды құрады.  На  всех  объектах  хозяйствования   численностью  свыше 300 человек  созданы  объектовые  формирования  ГО и ЧС  общей  численностью  около 16 тысяч  человек.
Бұл құрылымдардың құрылуы ұйымдар мен кәсіпорындар және  мекемелердің базасының қаражаты арқылы жүзеге асырылды.
Апаттан-құтқару және басқа да төтенше жағдайлар қауіпі төнген кезде немесе төтенше жағдайлар болған кезде адамдарды уақытылы құтқарып шығару үшін қала Әкімінің 1999 жылы 17 мамырда №3-1-131 шешімі бойынша 125 адамнан құралған жедел көмек көрсету отряды құрылды, олардың құрамына барлау буыны, құтқару топтары, инженерлік команда, қоғамдық тәртіпті қорғау буыны, авриялық-техникалық, медициналық, материалды-техникалық қамтамасыз ету 85 бірлік автокөлік техникасы және 23 бірлік инженерлік техника және жарықтандыру.  Отрядты басқару Әкімнің бірінші орынбасары Галимова Ф.Г. жүктелді. Толығымен дайындау үшін үнемі командалық-штабтық «Қыс», «Көктем» оқу-жаттығулары , хабардар ету және жинау бойынша аймақтық құрылымдармен  тактико-арнайы жаттығулар жүргізілді.
ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы Қаулысына сәйкес Республиканың оңтүстігінде немесе Алматы қаласында болуы мүмкін жер сілкінісі жағдайына жалпы саны 1502 адамнан тұратын топтастыру күштері құрылды.
Жүргізілген қайта құрулар жалпы Мемлекеттік жүйе ТЖ және АҚ аймақтық органдарында  өздерінің бейнелерін тапты.
2005 жылы 25 қаңтардағы №53 Үкімет Қаулысымен Астана қаласы Төтенше жағдайлар басқарамасы департамент болып қайта құрылып, оны полковник Ескендиров Ж.Ж. басқарды. Сол уақытта Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Бас басқармасы «ТЖ саласындағы Мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» ММ болып қайта құрылды. Оның бастығы болып Кутпанов Б.С. тағайындалды. «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалы құрылды, оны Омаров Б.Б. басқарды.    «МБҚМ» ММ құрамына өндірістік қауіпсіздікті бақылау бойынша техинспекция кірді.  30.06.2006ж № 626 Үкімет Қаулысымен «МБҚМ» ММ «Астана қаласы Өртке қарсы қызмет департаменті» ММ болып қайта құрылды, «ӨС және АҚЖҚ» ММФ «ӨС және АҚЖҚ» ММ болып қайта құрылды.   «МБҚМ» құрамынан техинспекция алынды және «ТЖ өнеркәсіп қауіпсіздігінде Мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша басқарма» құрылды.    Бірнеше қайта құрылулар болса да техинспекцияны басқару бұл қызметте 35 жыл қызмет атқарған Черняев Н.А қала берді.  Өнеркәсіп объектілерінде бақылау қатал болғандықтан астананың құрылғаннан бері қалада апаттар, тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде оқиғалар болған емес.
19.07.2008ж №712  Үкімет Қаулысына сәйкес «ӨҚ және ТЖ МББ» ММ мен «Астана қаласы Өртке қарсы қызмет департаменті» ММ қосып жіберіп «Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ құрамына енді.  ҚР ТЖМ аймақтық құрылымын полковник Ескендиров Ж.Ж басқарды.

ТЖД ведомствалық бағынысты мекемелері ҚР ТЖМ «Астана қ. ӨҚҚД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалы негізінде құрылған (19.07.2008ж. ҚР Үкіметінің № 712 қаулысы) «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ болып табылады.

Бұрын ҚР ТЖМ «Астана қ. ӨҚҚД Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі» ММ филиалы 2006 жылғы ӨҚҚД және ТЖжӨҚМББ бөлінгенге дейін 2005 жылғы 25 қаңтардағы ҚР Үкіметінің №53 қаулысы негізінде «Астана қаласы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасы» ММ «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ қайта құрылды.

Қазақстан республикасының Төтенше жағдайлар министрі В.К.Божконың 2012 жылғы 15 тамыздағы және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының әскери лауазымына генерал-майор Мейрам Кәбденұлы Ысқақов тағайындалды.

2014 жылдың 6 тамызындағы Қазақстан Республикасы Президентінің   № 875 Жарлығы негізінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшас  ына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және Қазақстан Республикасының жинақы Үкіметін қалыптастыру мақсатында  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі таратылды.  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оған өнер­кә­сіптік қауіпсіздік,   саласындағы функциялар мен өкілет­тік­тер­ді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар минис­тр­лі­гінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып қайта ұйым­дастырылды.

2014 жылдың 15 қарашасындағы ҚР ІІМ ТЖК №38 бұйрығымен  Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖ басқармасы,  Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасы, Астана қаласы ТЖД «Есіл» ауданы ТЖ басқармасы были утверждены  положении Управления по ЧС района «Алматы»,  Управления по ЧС района «Сарыарка», Управления по ЧС района «Есиль».

2015 жылдың 18- наурызында  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың бұйрығымен ҚР ІІМ ТЖ Комитеті Астана қаласы ТЖД бастығының лауазымына өртке қарсы қызмет полковнигі Барат Оспанұлы Дұзақбаев тағайындалды.


 


Система Orphus