Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат Жаңалықтар архиві Химиялық зақымдану кезінде сіздің іс-әрекеттеріңіз

Химиялық зақымдану кезінде сіздің іс-әрекеттеріңіз

PDF Баспаға жіберу
30.10.2013 11:55

Химиялық зақымдану кезінде сіздің іс-әрекеттеріңіз

Өндірісте қолданылатын ең көп таралған әсері күшті улы заттарға хлор және аммиак жатады.

Хлор – тұншықтырғыш қасиеті бар жасылдау-сары газ, өткір иісі бар. 5-7 атмосфералық қысымнан тартылады. Сұйық күйіде сақталып және тасымалданады. Суда тез ериді. Көптеген өндірісте қолданылады. Көп көлемін тазартуға және ауыз суын және коммуналды шаруашылықты ағын суларын тазартуға қолданады. Жоғарғы тыныс алу мүшелеріне өткір қоздырғыш қасиеті бар. Үлкен концентрация кезінде өкпенің ісігіне алып келеді, сондықтан хлормен жарақаттанғанға жасанды дем жасауға тыйым салынады. Газ күйінде ауада булануы кезінде хлор ауадан 2,5 есеп ауыр, сондықтан бұлт жерге қарай ұмтылады, ойпаттарда, жертөледе және тағы басқа ойық жерлерде жиналып, хлордың ажалды концентариясын қалыптастырады.

Аммиак – нашар иісі бар түссіз газ, суда жақсы ериді, аммиактың құрғақ күйі ауамен араласқанда (4:3) атылады. -33С температурада түссіз сұйықтыққа айналады. Қоздырғыш токсинді қасиеті бар, жоғарғы тыныс алуға және көзге әсер етеді, үлкен концентрацияда орталық жүйке жүйесіне әсер етеді және дірілге әкеп соғады, көздің және терінің тоңазу күйектері пайда болуы мүмкін. Хлормен, аммиакпен және басқа да улы заттармен химиялық уланудың қауіпі төну мүмкін деген ақпаратты естігенде сіздің тұратын жеріңізді, жұмыс орнының есектерін, терезелерін берік жауып, газ және электрожылытқыш құрылғыларды өшіріңіз. Егер уақыт бар болса есіктің, терезенің жақтауларын суланған матамен бітеңіз. Егер улы заттың буын көретін болсаңыз, «В» маркалы сырты сары түсті (хлорға қарсы) немесе «КД» маркасын (аммиакка қарсы) газқағарды киіңіз. Егер өнеркісіптін газқағарлар жоқ болса, азаматтық кез келген 30-40 минутқа уланудан қорғайтын газқағарды қолданыңыз. Егер газқағар мүлдем болмаса сумен немесе 25% сода ерітіндісінде суланған маталы байлауышты пайдаланыңыз немесе жүнді және мақталы киім бөлшектері. Ең тиімдісі ол өзіңіздің немесе өз балаңыздың кіші дәретімен суланған бетбайлауыштар. Егер сіз уланған аймақта (газдалған пәтерде) қалып қойсыңыз, тыныс жолдарына қорғаныс жасауға ұмтылыңыз, ашық жолы бар бағытпен шығыңыз. Сізге радиодауыспен желдің бағыты айтылады. Хлормен уланған ошақтарда ғимараттың жоғары қабаттарына көтерілуге болады.

Уланған территорияда тез қозғалыңыз, бірақ жүгірмеңіз, шаңды көтермеңіз. Жыбық аулалармен, өтпелі үй подъездімен, тығыз құрылыс аймақтарында қозғалуға тырыспаңыз. Жақсы желдетілген аймақтарға шығуға ұмтылыңыз. Уланған аймақтан шыққаннан кейін жақындарыңызға, балаларға, қарт адамдарға, әсіресе уланып қалғандарға көмек көрсетіңіз. Егер химиялық қауіпті территорияда жұмыс жасаған болсаңыз, онда техникалық қауіпсіздікті сақтауды ұмытпаңыз. Хлор буымен жарақаттанғандарды уланған аймақтан алып шығып, нашатыр спиртін иіскетіңіз, көзді, мұрынды, ауыз қуысын, тамақты сода ерітіндісімен шайып, жылы сүт немесе шай беріп, жылы және тыныш мекенді ұсыныңыз.

Аммиак буымен жарақаттанғандарды уланған аймақтан алып шығып, сірке қышқылын немесе жылы су буын иіскетіңіз. Керек болса жарақаттанушыға жасанды дем жасаңыз.

 

 


 
Система Orphus