Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Ақпарат Жаңалықтар архиві

Жаңалықтар

Сарыарқа ауданы ТЖБ биік қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсету мәселелері бойынша өткен кеңеске қатысты

PDF Баспаға жіберу
20.11.2017 10:58

Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Е.Ғ. Жакубаев төрағалығымен, «Биік қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі» сұрағы бойынша «Сарыарқа» ауданы аумағында орналасқан биік қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші ұйымдармен кеңес өтті.

Кеңес барысында Сарыарқа ауданы ТЖБ МӨББ бастығы азаматтық қорғау майоры Е.Н. Батталов сөз сөйледі. Ол бірінші кезекте көпқабатты үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау және ауланы абаттандыру кезінде өрт гидранттарының асфальтпен төселуін болдырмау және арнайы техникаларға аула ішіндегі жолдарды босату мәселеріне тоқталып өтті.

Толығырақ...

 

Астана қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары тікелей эфирде сөз сөйледі

PDF Баспаға жіберу
20.11.2017 10:42

«Астана» телеарнасының «Қайырлы таң, Астана!» тележобасы студиясында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары подполковник Қаһарман Нұртасұлы Оразалин тікелей эфирде көрермендерге елордалық Департаментпен өткізетін жұмыстар жайында айтып берді.

Бұл тележобада төтенше жағдайлардың пайда болуының негізгі себептері, оның соңында қандай зардаптар әкелетінін және азаматтық қорғанысты ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды. Қалалық құлақтандыру жүйелерін жаңғырту, «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің жұмысы, сондай-ақ «Баршаның назарына» сигналы бойынша  іс-қимыл тәртібі туралы жадынамалар көрсетілді.

Толығырақ...

 

Балалар үшін қысқы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары

PDF Баспаға жіберу
20.11.2017 09:27

Жыл сайын елорда тұрғындары қар ұшқыны, боран және тайғанақ жол сияқты табиғат құбылыстарына тап болады.

Осыған орай, Астана қаласы білім беру мекемелерінде шығу жолымен сабақ беру кестесіне сәйкес, 2017 жылдың 17 қарашасында «Юрий Гуров атындағы № 6 гимназия» ММ Азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерімен қыс кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау тақырыбына дәріс өткізілді, және де эвакуация бойынша жаттығу ұйымдастырылды.

Толығырақ...

 

Өртке қарсы қорғау мәселелері бойынша Есіл ауданы ТЖБ бастығы сөз сөйледі

PDF Баспаға жіберу
17.11.2017 12:15

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында «Есіл» ауданының әкімдігінде аудан әкімі Е. Бөлекпаевтің төрағалығымен өртке қарсы қорғау, сыртқы өрт гидранттары, жоғары қабатты тұрғын үйлердегі өртке қарсы қорғаудың ақаулығы, түтіннен қорғайтын жүйелерін, өрт автоматикасы жүйелері мен ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз етуді жұмыс қалпында ұстау мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Толығырақ...

 

«Шетелдік жұмысшыларға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілді»

PDF Баспаға жіберу
17.11.2017 12:08

2005 жылы Астана қаласының әкімдігі шығындарды оңтайландыру мақсатында Астана қаласының жедел көшеден тыс және көшелік көлігі көбінесе жердегі және жер үстіндегі болатыны қарастырылған «Астананың жаңа көліктік жүйесі» бағдарламасы қабылданған болатын.  Астананың жедел көлік жүйесіне сонымен бірге орталық пен шығыс шағын аудандарды байланыстыратын жедел көпсекциялы төмен еденді автобустар енетін болады. Астана қаласының жаңа көлік жүйесінің құрылысымен «China Railway International Group Limited» мен «Beijing State-Owned Assets Management Co., Ltd» компаниялары айналысады. Астана қаласының жеңіл рельсті көлігі LRT өздігінен Астананың халықаралық әуежайынан жаңа теміржол вокзалына дейін ұзындығы 22,4 км жетілдірілген жолаушылық рельстік көлік жүйесі және ол 18 станцияны қарастырады.

Толығырақ...

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

PDF Баспаға жіберу
17.11.2017 11:59

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң қабылданатын болады.

МӘМС-нің мәні және оның негізін түсіну керек (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру):

1. Жедел жәрдем шақыру сақтандыруға және ақысыз болады.

2. Емханалар медициналық сақтандыруға аударымдардың болуына байланысты қабылдайды. Анализдерді тапсыру, дәрігердің тағайындалуы және т.б. Сіз МӘМС қорына жарналар түскеніңізге байланысты болады.

Толығырақ...

 

Өрт сөндіру бөлімінде болған астаналық №16 мектеп-лицей оқушылары таңдай қақты

PDF Баспаға жіберу
16.11.2017 12:40

Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ №1 өрт сөндіру бөліміне №16 мектеп-лицейінің 10-11 сынып оқушылары экскурсияға келді. Ең алдымен оқушыларға спорттық жарақтармен жабдықталған, өрт сөндірушілердің дене бітімін қалыпта ұстауға мүмкіндік беретін спортзал көрсетілді, содан кейін еңбек сіңіріп, жеңіспен келген кубоктар мен грамоталар орналастырылған демалыс бөлмесі есігін ашты.

Сонымен қатар, оқушылар – тәуліктік кезекшілік жүретін, өрт туралы хабарлама келіп түсетін, өрт сөндіру бөлімінің жүрегі - диспетчерлер бөлмесінде болды, қабырғада  өрт сөндіру бөлімдерінің орналасу орны және олардың жауапкершілігі белгіленген қаланың және ауданның картасы ілініп тұр. Қысқаша түсіндіруден кейін оқушыларға рация қалай жұмыс жасайтынын көрсетілді және балалардың өздеріне құрылғы арқылы сөйлесіп тілдесуге мүмкіндік берді. Осылардың бәрін көрген оқушылар таң қалып, таңдай қақты, олар кейде мұқият тыңдаса, кейде толастаған және қызықтырған сұрақтарды өрт сөндірушілерге жаудырды.

Толығырақ...

 

Кезекті оқу-жаттығу: Жылу құбырларындағы аварияны жою

PDF Баспаға жіберу
14.11.2017 10:47

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлерімен «ӨС және АҚЖҚ» ММ, «Астана-теплотранзит» АҚ, «Астана- РЭК»АҚ бірлесіп, шаруашылық объектілерінде жаттығу жоспарына сәйкес, жедел әрекет ету жиынтық жасағын (ЖӘЖЖ) жұмылдырып, Астана қаласының Лесозавод аумағында жеке жаттығу өткізілді.

Жаттығу қатып қалған жылу құбырларындағы аварияны және электр өткізу желілеріндегі сымдардың үзілуін жою бойынша өтті. Жаттығу өткізу барысында қаланың коммуналдық және жедел қызметтерінің диспетчерлерімен хабарландыру сызбасы бойынша құлақтандыру тексерілді, сонымен қатар аварияны жоюға жөндеу-қалпына келтіру бригадалардың келу уақыты тексерілді.

Толығырақ...

 

Құрметті елорда тұрғындары!

PDF Баспаға жіберу
14.11.2017 09:53

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту мерзімі басталғаннан бері Астана қаласында жылыту пештерінің ақаулығынан улы газбен уланудан 2 адам қаза тапты, 3 адам жарақаттанғанын хабарлайды.

Өрттің және ақаулы жылыту пештерін қолдану салдарынан улы газбен уланудың алдын-алу және болдырмау мақсатында қызметкерлер жұмыс күндері сағат 15-00 ден 18-00 аралығында, сенбі күні сағат 9-00 ден 12-00 аралығында  жеке тұрғын секторында аула аралау жұмыстарын жүргізеді.

Толығырақ...

 

Өрт қатерін төмендету – елордалық өрт сөндірушілердің басты міндеті!

PDF Баспаға жіберу
14.11.2017 09:48

Жылыту кезеңінің алғашқы айларынан бастап, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Алматы» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының инженерлік-инспекторлық құрамы жеке тұрғын үй секторындағы үгіт-профилактикалық жұмыстарды белсендірді. Тәжірибе көрсеткендей, өрттер саны жылыту кезеңінің алғашқы айларында көбейе түседі, және осы кезде пайдалануға дұрыс әзірленбеген жылыту пештері өз зияндарын көрсетеді. «Өрт қауіпсіздігі айлығына» өз пештерін дайындау бойынша ескертулерді елемеген азаматтар ең соңында өрттер мен улы газбен улану жағдайларына ұшырап жатады.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus