Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты Қызмет ТЖД күштердің оқу-жаттығуы

ТЖД күштердің оқу-жаттығуы

«Қоныс – 2017» командалық-штабтық оқу-жаттығуы

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласының жойқын табиғи төтенше жағдайлар кезінде Астана қаласынан халықты эвакуациялауға елордалық аумақтық кіші жүйелерінің азаматтық қорғауын жетілдіру және қалалық басқару органдары мен күштерін жетілдіру мақсатында, ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.О. Дұзақбаевтың басшылығымен «Қоныс-2017» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. 

Оқу жаттығулардың басты мақсаты - Астана қаласының халқына табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде халықты эвакуациялау бойынша басқару органдары мен астаналық азаматтық қорғау күштерін практикалық іс-әрекеттерге дайындау болды.

Жаттығудың бірінші кезеңінде адамдарды ықтимал төтенше жағдайлар аймақтарынан эвакуациялық жинақтау пункттеріне дейін эвакуациялау кезінде, кейіннен оларды уақытша орналастыру пункттеріне жолдау жұмыстарын жүргізу кезінде штабтың бағынысты күштер мен құралдарға басшылық ету бойынша жұмысы ұйымдастырылды, сонымен қатар зардап шеккендердің тіршілікпен қамтамасыз ету сұрақтары пысықталды.

Толығырақ...

 

Абу Даби Плаза кешенінде өрт тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді

PDF Баспаға жіберу

Абу-Даби Плаза- әр түрлі қабатты ғимараттардан тұратын көпфункциялы кешен. Құрылысы 2010 жылдың қарашасында басталды. Құрылысы аяқталғаннан кейін «Абу-Даби Плаза» Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болады. Мұнараның шыңы 75 қабатта орналасады – бұл шамамен 382 метр. «Абу-Даби Плазаның» жалпы алаңы 510 мың шаршы метрден астам болдады. Бірақ жайсыз хабарлар да бар, осынау орасан зор жобаның 7 жылдық құрылысы ішінде көптеген өрт болды, зардап шеккендер жоқ.

Осыған байланысты «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің 4-МӨСБ және 16-МӨСБ, «Arabtec Consolidated Contractors» құрылыс компаниясының филиалымен бірлесіп «Есіл» ауданы ТЖБ-ның қызметкерлері аталмыш нысанда өрт-тактикалық жаттығу өткізді.

Толығырақ...

 

Астанада «Қыс - 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтуде

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Астана қаласының Этноауыл аумағында «2017-2018 жж. қысқы кезеңде төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыруға дайындық» тақырыбы бойынша «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары бастау алды.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін қалалық азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы мен мүмкіндігінің  деңгейін арттыру болып табылды. 

Бүгінгі «Қыс – 2017»  РКШО 6  оқу алаңында өтті. Оқу-жаттығудың үшінші және төртінші кезеңдеріне сәйкес, Павлодар-Астана рейстік автобусының жол-көлік оқиғасының нәтижесінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқару жасағы жолаушыларды эвакуациялады, сондай-ақ оқу орнына Трэкол өту мүмкіндігі жоғары автомобилдер арқылы медициналық бригада келді.

Толығырақ...

 

Елордалық циркте өрт сөндірушілер өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді

PDF Баспаға жіберу

Астаналық өрт сөндіру қызметімен Қабанбай батыр даңғылы, 5-үй мекен-жайы бойынша орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Астаналық циркі» МКҚК объектісінде гарнизондық өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

Оқу-жаттығудың шарты бойынша цирк қойылымының барысында  орталық павильонда манеж өртеніп, көрермендер залына ұласып кетті.  Оқу-жаттығу барысында қызмет көрсету персоналының өрт сөндіру бойынша бастапқы іс-қимылдары, бірінші және келесі ӨСЖ өрт сөндіруге басшылық ету, өртте жедел штабтың, тылдың және учаскелердің жұмысы пысықталды.    

Толығырақ...

 

«Дәрілік заттары» бар жүк вагонында шартты өртті жою

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 25 қазанында Астана қаласы ТЖД «Сарыарқа» ауданы ТЖ басқармасы «Қазақстан Темір жолы ҰК» АҚ бөлімшелерімен бірге «Дәрілік заттары» бар жүк вагонында өртті сөндіруді ұйымдастыруда практикалық іс-шараларды пысықтау және темір жол көлігімен аса қауіпті жүктерді тасу кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды  жою» тақырыбында тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізді. 

Оқу-жаттығудың шарты бойынша 10 сағат 01 минутта Іргелес жолдың қозғалмалы құрамына өтіп кетуі мүмкін «Дәрілік заттары» бар жүк вагонында жануды анықтаған жүргізуші радиобайланыс арқылы орын алған төтенше жағдай туралы хабар береді.

10 сағат 12 минутта ТЖ орнына Астана қаласы ТЖД «ӨСжәнеАҚЖҚ» ММ 5-МӨСБ бөлімшесі, құрамында 2 өрт сөндіру машинасы мен жеке құрамның 10 адамы бар, құрамында 5 адамы бар – АСА- 20 авариялық-құтқару автомобилі жауынгерлік есебі келді. Құтқарушылар барлау жүргізіп, шартты өрттің ауданын, оның жану жолдарын анықтағаннан кейін, шартты өртті сөндіруге кірісті.

Толығырақ...

 

Көмек қасымызда

PDF Баспаға жіберу

Астана қаласы ТЖД  №5 МӨСБ "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ   мен Астана қаласының "Сарыарқа" ауданы Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп Астана қаласы Әкімдігінің "№5 Қалалық емханасы" ШЖҚ МКК ғимаратында өртті-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. 

Оқу-жаттығу талаптары бойынша 4 қабаттағы жалпы көлемі 8 шаршы метр аумағындағы емшара кабинетінде  электр сымдарының тұйықталуынан өрт шығады. Емхана аумағында автоматты өрт сигнал беру құрылғысы іске қосылды. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына 5 - МӨСБ кезекші ауысымы келіп жетті. Газ-түтіннен қорғау буын қызметкерлері АӨС қосылғанда  сыртқа шыға алмаған адамдарды іздеу үшін ғимаратты аралауға кіріседі. Пациенттер мен барлық қызметкерлер медициналық пунктті ашқан жерден зардап шеккендерді емхана аумағынан қауіпсіз жерге көшірді. Эвакуацияланған адамдардың жалпы саны – 200.

Толығырақ...

 

«ЭКСПО-2017» аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде құтқарушылар және елордалық ТЖ департаментінің инженерлік-инспекторлық құрамы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Нұр-Әлем» павильонында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. 

Оқу-жаттығу шартына сәйкес, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан фотосалонның 30м2  аумағында жану орын алды. Нұр-Әлем» павильонының аумағында автоматты өрт дабылының құрылғысы іске қосылды. Шақыру орныныа бірнеше минуттан кейін, ЭКСПО-16 бөлімшесінің кезекші ауысымы келеді. Оқиға орнына келісімен, құтқарушылар барлық эвакуациялық шығуларды ашып, ғимараттан адамдарды эвакуациялауды бастайды. Эвакуацияланғандардың жалпы саны 255 адам. Оқу-жаттығу барысында штаб құрылды.  да өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.


Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар астананың жасыл белдеуінде оқу-жаттығу өткізді.

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 23 мамырында астаналық құтқарушылар «Жасыл белдеуде» оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығуға республикалық және жергілікті БАҚ қатысты. 

Жаз маусымының басталуымен, көптеген адамдар табиғат аясында демалуды жиілетеді. Әйтсе де, адамдардық немқұрайлы әрекеттері өрттердің орын алуына алып келетіні өкінішті.  Құрғақ және желді ауа-райы жазық даладағы құрғақ шөптің жануына себепші болады. Сонымен қатар, жазық даладағы өрттер алай-дүлей желмен оқ шоқтарының ұшуы салдарынан ушығады.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша,  сөндірілмеген сіріңке салдарынан құрғақ шөптің жануы орын алған, өрт өршіп, орман жаққа қарай бет ала бастайды. Оқиға орнына Кезекші өрт сөндіру бөлімі жетеді. Өрт орнына К-32 А1 тікұшағы жетіп, өрттің барлауын жүргізеді. 

Тікұшақтың мақсатына шартты өртті сөндіру үшін өрт сөндірудің тік жүйесі арқылы   су құюды іске асыру (дала және орман өртінің аумағы) жатады. Шартты өрт жарты сағаттық жедел жұмыстың арқасында жойылды. Оқу-жаттығуға 25 бірлік техника мен 80 адам жұмылдырылды, сонымен қатар «Жасыл Аймақ» РММ, «Зеленстрой» АҚ, «Астана Су Арнасы» МҚМ өзара әрекеттесу қызметтері жұмыс істеді.

Толығырақ...

 

ЭКСПО-2017 қарсаңында Елордалық ТЖ Департаментінің жеке құрамымен сабақ өтті

PDF Баспаға жіберу

Ағымдағы жылдың 4 мамырындаАстана қаласында «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында, Астана қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының ұйымдастыруымен, «ЕХРО-2017» аумағында тамақтан улануларға және радиациялық, химиялық улану қаупіне жедел ден қою үшін Департаменттің Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы және Өрт сөндіру және авариалық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері және құралдарының жедел басқару орталығының жеке құрамымен сабақ өтті.


Толығырақ...

 

Елордалық құтқарушылар өрт- тактикалық оқу жаттығу өткізді

PDF Баспаға жіберу

Астана қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ  қызметкерлері «Астана-Энергия» АҚ  ЖЭО-1 аумағында өрт – тактикалық оқу-жаттығулар өткізгді.

Оқу-жаттығулар барысында қаланың ірі жылу электрстанцияларының бірі «Астана-Энергия» АҚ  ЖЭО-1 дайындығы тексерілді: жалпы аумағы 17067 шаршы метрді құрайтын бас корпус. Турбиналық бөлім темір бетонды қабырғалар мен бекітпелерден жасалып, екі қабаттан тұрады. ЖЭО-1 жылу энергиясын өндіреді және оны тұғын секторларға, Астана қаласының өндіріс объектілеріне жеткізеді.

Осылайша, «Өндірістік объектіде төтенше жағдайларды жою туралы» тәжірибелік іс-шараның тақырыбына сәйкес, №3 мазутты бактағы өртті жою бойынша жаттықты. Үйме ішіндегі жайылмаларға мазут төгіліп, кейіннен жану орын алды. №3, 4 мазут резервуарында  өрт таралу  қаупі пайда болды.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus