Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты «Жемқорлықпен бірге күресеміз»

«Жемқорлықпен бірге күресеміз»

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдерімен кездесу.

PDF Баспаға жіберу

2017 жылғы 21 сәуірде Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында және кәсіптік дайындық бойынша сабақтар шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Асқар Рашидұлы Рахматуллинмен жеке құрамның кездесуі өтті.

Толығырақ...

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

PDF Баспаға жіберу

Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен бүкіл қоғамға үлкен залал келтіретін өте күрделі әрі көп қырлы құбылыс болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның өзекті проблемасына айналып, әлеуметтік құбылыс ретінде азаматтық қорғау органдарында да көрініс табуда. Ол ең бірінші кезекте азаматтық қорғау органының имиджіне теріс әсер етіп, халықтың сеніміне нұқсан келтіреді, сонымен қатар мемлекеттің азаматтық қорғауы мен ұлттық қауіпсіздігіне зиян тигізеді.

Толығырақ...

 

Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамымен кездесу.

PDF Баспаға жіберу

11 ақпанда Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №17 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен кездесу өтті.    Кездесу Өрт сөндіру қызметінің кадрлық жұмыс бөлімінің бастамасымен өтті.

Кеңес кезінде Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы Б.Ж.Қожакеев  пен Астана қаласы ТЖД жеке қауіпсіздік жедел өкілеті  Ч.Ш.Самиев қызметкерлердің жеке қауіпсіздік мәселелерін айтып өтті.  Және де кездесуді ұйымдастырушылар жеке құрамға жеке куәлікпен қолдану тәртібін мен оны жоғалтқан кезде болатын жауапкершіліктері туралы түсіндірді.

Айтап айтсақ, жеке құрамды ақпараттандыру мақсатында кадрлық жұмыс бөлімі бұндай кездесулерді жиі өткізіп тұрады.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң нормаларын түсіндірді.

PDF Баспаға жіберу

10 ақпанда Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жаңадан жұмысқа қабылдаған қызметкерлермен кездесу өтті.

Кездесу барысында кадрлық жұмыс бөлім бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Ж.Қожакеев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң нормаларын, жеке табыс және мүлік салығы бойынша декларация тапсыру тәртібі түсіндірілді.     Және де Б.Ж.Қожакеев еңбек және қызметтік-әскери тәртіптібін міндетті түрде сақтауларын атап өтті.

Айта кетсек, мемлекеттік қызметкерлер жыл сайын салық органдарына жеке табыстары мен мүлік бойынша декларация тапсырады.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына   толық жауаптарын алды.

Толығырақ...

 

Астана қаласы ТЖД –де сабақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта сөз қозғалды.

PDF Баспаға жіберу

11 ақпанда Астана қаласы ТЖД-де сабақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта  сөз қоғалды.  Сабақта Астана қаласы бойынша Мемлекеттік істер департаменті Сыбайлас жемқорлықты алдын-алу басқармасының бас маманы Раимбаев Данияр Исраилұлы жаңадан қабылданған «Қазақстан  Республикасы   мемлекеттік   қызметшілерінің    әдеп   кодексін», және де сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою» тақырыбында сөз қозғады. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралары туралы айтып өтті: сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлыққа бару себептері жөнінде айтылып өтті.  «1494» гол орталығы мен  «72-65-22» ақпарат беретін  әдеп кодексін бұзғандар үшін телефон нөмірі айтылды. Және де сабақта Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі О.М.Абдрахманов қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен оны тудыратын жағдайлар туралы және жауапкершілік туралы түсіндіріп өтті.

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus