Нашар көретіндерге арналған нұсқа Тіл: Қазақша Русский 

Басты

Жаңалықтар

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

PDF Баспаға жіберу
22.01.2018 06:24

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Астана қаласында ауа-райы температурасының төмендеуіне байланысты қатты аяз күтілетінін ескертеді, түнде ауа температурасы -35-40 С, күнде -27-32 С болады. Осы ретте келесілер ұсынылады:

Толығырақ...

 

АҚПАРАТ

PDF Баспаға жіберу
22.01.2018 06:07

22.01.2018ж. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Білім басқармасының шешімі бойынша ауа райының қолайсыздығына  байланысты (қатты аяз)  қала мектептерінің 2-ші аусымдағы 1-11 сынып оқушыларына және  колледждердің 1-2 курстарында сабақ болмайтынын хабарлайды.


Астана қ. ТЖД жедел кезекшісі

азаматтық қорғау майоры                                           Ж. Сейтжанов


 

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарыңа!

PDF Баспаға жіберу
22.01.2018 05:48

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Астана қаласында ауа-райының қолайсыздығына байланысты ағымдағы жылдың 23-26 қаңтары аралығында қатты аяз күтілетінін ескертеді, түнде ауа температурасы -35-40 С, күнде -27-32 С болады. Осы ретте келесілер ұсынылады:

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты жіті қадағалаңыз;

- ауа-райының өзгеруі бойынша киім киіңіз;

- қала сыртына мүмкіндігінше шықпауға тырысыңыз;

- аяз кезінде балаларды далаға шығармаңыздар;

-жылыту пештері мен тұрмыстық жылыту құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Астана қаласы ТЖД

Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау

және профилактикалық қызмет басқармасы


 

АҚПАРАТ

PDF Баспаға жіберу
19.01.2018 09:21

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -33-40оС, күндіз -27-32оС күтіледі.


Астана қ. ТЖД жедел кезекшісі

азаматтық қорғау майоры                                                                   Г. Шагиров


 

Мұз қалашықтарындағы қауіпсіздік шаралары

PDF Баспаға жіберу
19.01.2018 03:38

Аязға, желге және қарға қарамастан мұз айдыны, қалашықтар балалардың арасында үнемі танымал орын болып табылады.

Мұз қалашықтарындағы мүсіндер мұзды кірпіштен жасалады. Және Биг бен немесе Эйфель мұнарасы сияқты бүкіл әлемге танымал сәулет нысандарынығ және жан-жануарлар бейнесі ретінде кездеседі.

Салынған ғимараттарда тек сыртқы сұлулық ғана емес, сонымен қатар сондай жерлерде ойнап, жарақат алып қалуға қауіпі де бар. Мұз қалашықтарында, лабиринттерде жарақат пен зақымдарды болдырмау үшін, «Сарыарқа» ауданы ТЖ Басқармасы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауларынызды сұрайды:

Толығырақ...

 

Крещение Господне мерекесін атап өту кезіндегі қауіпсіздік шаралары

PDF Баспаға жіберу
19.01.2018 03:29

Крещение Господне православиелік мерекесін мерекелеу қарсаңында, адамдар шоқынған суға шомылу рәсімінен өтуге құлшынады. Осы ретте Есіл ауданы ТЖБ-ның қызметкерлері мұз ойықтарында шомылу аумақтарын аралап шықты. Аралау кезінде құтқарушылар мұз ойықтарында шомылу ережелерін айтып, суда өзін-өзі ұстау бойынша брошюралар мен жадынамалар таратты. Жыл сайын бұл іс-шара жаппай сипатқа ие болып келеді. Мұздай суға сүңгіп алуға зауықты адамдардың саны өсіп келе жатыр.  Шоқынған суға сүңгу – аса батыл қадам.

Мұздай суға сүңгіп, адам өз ағзасын қатты күйзеліске шалдықтырады: температура мен қысымның күрт түсуіне байланысты дем алыс пен жүрек қағысы тоқтап, қан жолдарының қысылуы болып, есінен танып қалу жағдайы болып қалуы мүмкін. Ал суда есінен танып қалу, егер құтқару және реанимациялық  шаралар қолданбаса – өліммен аяқталатын жайт. Жыл сайын шоқыну кезіндегі кезекшіліктерде құтқарушылар қажылыққа келген адамдарды судың сұрапыл қолдарынан талай рет құтқарып алған.

Толығырақ...

 

Астаналық құтқарушылар Шоқыну шомылуларында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

PDF Баспаға жіберу
19.01.2018 03:14

16 қаңтар күні христиандық крещение Господня мерекесі қарсаңында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағымен бірлесіп брифинг ұйымдастырды. Жыл санап аталмыш мереке күні суға түсу артып келетінін айтады. Сәйкесінше, биылғы жылы да бұл көрсеткіш артуы мүмкін деген жорамал бар. Құдайға шоқыну –Православтық Шіркеудің ең маңызды меркесінің бірі болып табылады.

Брифингке БАҚ өкілдері шақырылды. Кездесу барысында мамандар журналистер қауымына судағы қауіпсіздік шаралары жайында айтып, барлық ойықтардың жанында құтқарушылар қызмет ететіндіктерін халыққа жеткізді.

Толығырақ...

 

Шоқынған суға түсу рәсімін өткізу кезіндегі қауіпсіздік

PDF Баспаға жіберу
18.01.2018 11:01

2018 жылдың 18 және 19 қаңтары аралығында дейін Астана қаласы Самал шағын ауданы және Гранд Алатау ТҮК аумақтарында Есіл өзенінде «"Крещение Господне» мерекесі аясында жаппай шомылу рәсімі өткізіледі.

Жаппай шомылу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мұз ойықтарының орналасқан жерлеріне ТЖД, ОӨАЖҚЖ және АМО бөлімшелері ішкі құрамының 37 адамы, 5 бірлік техника және 2 қармен жүретін техника кезекшілік атқаратын болады.

Сондай-ақ, жаппай шомылу орындарын дайындау кезінде Департамент қызметкерлерімен іс-шараны ұйымдастырушыларымен шомылу үшін мұз ойықтарды (купель) жасау және оларды орнату бойынша жадынамаларды таратып ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Толығырақ...

 

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кездегі іс-қимылдар жөніндегі семинар

PDF Баспаға жіберу
18.01.2018 10:51

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Астана қ. «№ 7 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК дәрігерлік қызметкерлерімен  «Халықтың және лауазымды тұлғалардың терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлердің салдарын жою бойынша іс-әрекеттері» тақырыбында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Кеңесті жүргізу барысында төтенше жағдайларды жою бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Қ.Қ. Шаймердиновпен террористік қауіп-қатерлер туындаған кезде, терроризм актісінің салдарынан өрт және ғимараттардың қирауы кезінде халықтың және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері бойынша негізгі ережелері түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 жарлығына сәйкес Республиканың аумағында террористік қауіптілік деңгейін белгілейтін сигналдар жеткізілді.

Толығырақ...

 

АНОНС

PDF Баспаға жіберу
18.01.2018 05:11

Крещение Господне православиелік мерекесінің басталу қарсаңында, 18 қаңтар күні сағат 20-00-ден бастап 19 қаңтардың 19-00-ге дейін, Есіл өзенінің 2 алаңында (Үлкен Атлалау және Самал шағын ауданында) шомылу үшін екі мұз ойығы жасалған, мұнда елордалық құтқарушылар мен дәрігерлер кезекшілік ететін болады.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ІІМ ТЖК Орталық өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағымен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізеді. Аталған брифинг аясында құтқарушылар-сүңгуіршілер мұз ойығындағы шомылу ережелерімен таныстырады және өзін-өзі ұстау қауіпсіздік ережелерін айқын көрсетіп отырады.


Бұл ретте, Астана қаласының құтқарушылары сақтық шараларын ұмытпай, ойықтарға шомылу кезінде барлық ережелерді сақтауды сұрайды. Барлық қажетті ережелер жайында брифинг барысында біле аласыздар.

Өткізілу күні: 2018 жылдың 18-ші қаңтары, сағат 15-00-де.

Өткізілу орны: «Суда-құтқару қызметі» базасы

Тұран даңғылы 2/1. Суда – құтқару қызметі. (Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Астана саябағы мен Сарыарқа даңғылы бойындағы автомобиль көпірінің арасында)

Толығырақ...

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
Система Orphus